
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының төрағалығымен Қостанай облысы тау-кен кәсіпорындарының өнеркәсіптік қауіпсіздігіне жауапты басшыларымен техникалық кеңес өткізілді.
Осы кеңесте 2024 жылдың өткен кезенінде Қостанай облысының тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының субъектілеріне барумен жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындылары шығарылды. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарына» толықтырудың өзгеруі назарға жеткізілді. 2025 жылға арналған қауіпті өндірістік объектілерді су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша ұсыныстар берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті