Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз-конференциясы өтті

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз-конференциясы өтті

Ұлытау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ТЖД, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері,  жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысуымен "Газ құрылғылары мен жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Ұлытау облысы ТЖД МӨББ қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі қағидаларын және газ жабдықтарын пайдалану қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізуде. Атап айтқанда аулаларды аралау, халықпен жиындар өткізу, БАҚ-та сөз сөйлеу жүргізіледі

Қолданыстағы нормалар мен ережелерде тыйым салынғандай, көпқабатты тұрғын үйлерде халықтың газ баллондарын пайдалануы ерекше алаңдаушылық туғызады.

Екі қабаттан аспайтын тұрғын ғимараттың пәтерлерінде (пәтерде бір баллоннан артық емес) баллондарды орналастыруға рұқсат етіледі Бұл ретте баллондар стандарттарда және басқа да нормативтік құжаттарда белгіленген өз мақсатына (қолдану сапасына) сәйкес келуге тиіс.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес-тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде ас үй плиталарын, су жылыту қазандықтарын, газ колонкаларын) газбен жабдықтауға арналған газ баллондары (жұмыстағы және қосалқы) ғимараттың сыртында ғимаратқа кіре берістен кемінде 5 м қашықтықта қабырғаның соқыр қабырғасының жанындағы жанбайтын материалдардан жасалған жапсарлас немесе шкафтарда орналасуы қажет

Газ баллондарына арналған қосымшалар мен шкафтар құлыпқа бекітіледі және желдету үшін жалюзбен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ "Отқа қауіпті. Газ баллондары" ескертпе тақтайшалары ілінеді.

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті "газ және газбен жабдықтау туралы" Заңның 19-бабына сәйкес тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар сұйытылған газды тұрмыстық баллондарға өткізуді жүзеге асыратын газ желісі ұйымымен немесе газ толтыру пунктінің иесімен өздеріне тиесілі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасуға міндетті екенін хабарлайды.

Сондай-ақ баспасөз-конференция барысында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі