
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «Qarmet» Акционерлік қоғамы Көмір департаментінің «Спецшахтомонотаждегазация» Басқармасында қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі көмір шахталарында дегазациялық скважиналарды бұрғылау болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында:бұрғылау станоктарының орналасқан орындары, ғимараттар мен құрылыстар, техникалық құжаттамасытексерілді, сонымен бірге Қазақстан Республикасыны заңнамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 37 талаптарының бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижесінің актісі мен бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына, оның ішінде: «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларына» түсіндірмелер берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша Департаменті