«Казмарганец» кен басқармасы филиалы «Казхром» ТҰК» АҚ-ныңр.ТУРбақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалаудың қорытындылары

«Казмарганец» кен басқармасы филиалы «Казхром» ТҰК» АҚ-ныңр.ТУРбақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне)  бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалаудың  қорытындылары

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау және қадағалау кестесіне сәйкес 2024 ж. 31.05.-20.06 аралығында«Казмарганец» кен басқармасы филиалы «Казхром» ТҰК» АҚ-ның р.ТУР объектілеріндебақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі марганец кенін өндіру және өңдеу, аршу жұмыстары, аршаны тасымалдау,үйіндіні түзу жұмыстары болып табылады.

Тексеру барысында 12 нысан тексерілді (техникалық құжаттаманы жүргізу, тау-кен жұмыстарын жүргізу, тау-кен қазбаларын күтіп ұстау бойынша қауіпті техникалық құрылғылардың, жабдықтардың, сондай-ақ арнайы техниканың жай-күйі), онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 7 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен  анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды және оларды жою мерзімдері талқыланды, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және гелогиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары бойынша түсініктемелер берілді.  

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті