
Аталған кеңеске Түркістан облысыдағы химиялық реагенттерді қолданатын кәсіпорын өкілдері қатысты.
Кеңес химия өнеркәсібіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Республикадағы 2024 жылдың 5 айындағы орын алған химиялық апаттар мен жазатайым оқиғалар мен олардың туындау себептерін, алдын алу шаралары ашып көрсетілді.
Сонымен қатар, кеңес барысында «Заречное» БК» АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік бас директорының орынбасары И. Авдасёв пен «КАР-Logistics» ЖШС өндірістік директордың орынбасары м.а. А.Туралиев өз мекемелеріндегі Химиялық реагенттермен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы баяндама жасады.
Кәсіпорын басшыларына өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, химиялық қауіпті объектілерді пайдаланатын КӘУЗ қауіпсіз реагенттерге өткізу бойынша жұмыс жүргізілу, авариялар мен оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылауды күшейту, оқу дабылдары мен апаттарға қарсы жаттығуларды жиі және талапқа сай өткізу, тозығы жеткен қондырғыларды техникалық қайта жарықтандыруды ескертті.
ҚР ТЖМ ӨҚК Түркістан облысы бойынша департаменті