
2024 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде мұнара крандарын пайдаланатын ұйымдардың өкілдерімен "2023 – 2025 жылдарға арналған елдің құрылыс объектілерінде жүк көтеру механизмдерінің (мұнара крандарының) операторларына байланысты өндірістік жарақаттануды болдырмау және өлім-жітімді азайту" тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қатысушылармен келесі мәселелер талқыланды:
- жүк көтергіш механизмдерді (мұнара крандарын) пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" талаптары;
- "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік түрлері түсіндірілді;
- Қазақстан Республикасы бойынша құрылыс алаңдарында мұнара крандарымен болған апаттардың статистикалық деректері келтірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті