
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Қазақбаев Самат Қосаевич Атырау қаласына арнайы іссапармен келіп, Департамент қызметкерлерімен жиын өткізді.
Жиында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын қатаң сақтау, тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құкық бұзушылықтар жасауға жол бермеу бойынша мәселелер қозғалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Қазақбаев Самат Қосаевич бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын мүлтіксіз сақтауды тапсырды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Атырау облысы бойынша департаменті