
Комитеттің Мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Мақсат Назаралиевтің төралығымен ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексерістің қорытындысын Департаменттің жеке құрамына таныстырды.
Департаменттің қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексеріс Комитет төрағасының бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін факторлардың алдын-алу және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Мақсат Назаралиев бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын мүлтіксіз сақтауды тапсырды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті