
19.06.2024ж. күн тәртібі «Абай», Ленин атындағы, «Қазақстан», Костенко атындағы шахталарда топтық жазатайым оқиғаларға алып келген аварияларды арнйы тергеу Актілерінің іс-шараларын орындау тақырыбы болатын Техникалық кеңестің отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, «Qarmet» АҚ КД көмір шахталарында өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы мен көмір шаңынан қорғану мәселелері қаралды. Шахталарда болған апаттарға әкелуі мүмкін үш оқиғаға және болған оқиғалар жайында Департаменттің уақтылы хабардар етілуіне назар аударылды.
Кеңесті қорытындылай келе, «Qarmet» АҚ көмір шахталарында өндірістік бақылауды күшейтуді және аварияларды арнайы тергеу Актілеріндегі іс-шаралар пункттерінің белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті