Тексерулер тізімі негізінде «Алюминий Казахстана» АҚФ КБРУ профилактикалық бақылау жүргізу

Тексерулер тізімі негізінде «Алюминий Казахстана» АҚФ КБРУ профилактикалық бақылау жүргізу

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылғы 3 маусым бен 17 маусым аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізудің 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес «Алюминий Казахстана» АҚФ КБРУ қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі металл кендерін өндіру болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 32 объекттер (Аят боксит кен орны: карьерлер, ұсату-сұрыптау кешені, жару жұмыстары,  жанар-жағар май материалдарының қоймасы, жанармай құю станциялары, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен,  компрессор станциялары Красногорский боксит кен орны: карьерлер, ұсату-сұрыптау кешені, жару жұмыстары,  жанар-жағар май материалдарының қоймасы, жанармай құю станциялары, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен; орталық өнеркәсіптік алаң: жанар-жағар май материалдарының қоймасы, жанармай құю станциялары, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен, зертхана, прекурсорлар қоймасы). Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 46 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті