«Асфальтобетон 1» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Асфальтобетон 1» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «Асфальтобетон 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі битумды, асфальт қоспасын, бетон қоспасын, темірбетон бұйымдарын және тас материалдарын шығару болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 1 объект (қысыммен жұмыс істейтін жабдық) тексерілді. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 4 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өндірістік бақылауды ұйымдастыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті шарттар орындалмайды, атап айтқанда: «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өндірістік бақылау журналы әзірленбеген және оған тексеру нәтижелері енгізілмеген;

- аварияны жою жоспары қауіпті өндірістік объектідегі нақты жағдайға сәйкес келмейді, атап айтқанда: «Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес АЖЖ жедел бөлігінің сызбаларының болмауы;

- аварияны жою жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізуге арналған материалдық ресурстар резервінің болмауы.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптары түсіндірілді.

 

 ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті