«Азиялық газ құбырлары» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Азиялық газ құбырлары» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау  жүргізу тізіміне сәйкес «Азиялақ Газқұбыры» ЖШС «Шымкент» ГТБ объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметті  А,В,С желілері арқылы «Қазақстан-Қытай» газ құбырымен тауарлық газды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 170 қауіпті өндірістік объектілер, 110 қауіпті техникалық құрылғылар, 3 газ құбыры, 15 бірлік жүк көтергіш механизмдер, 12  компрессор, 30 бірлік қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар зерттелді.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 272 бұзушылығын анықтады. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» талаптарына түсініктемелер берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Түркістан облысы бойынша департаменті