
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылғы 21 мамыр бен 24 мамыр аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізудің 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес «Максам Казахстан» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жарылғыш заттарды өндіру мен жеткізу, бұрғылау - жару жұмыстары болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 16 объект (аммоний нитрат гелін араластыру мен жару құрылғыларын сақтау өнеркәсіптік кешені, жарылыс жұмыстары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, компрессорлық қондырғылар). Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 9 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті