
Жақын маңдағы тұрғын үйлерге зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жарылыс жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсаттардың шарттарынан ауытқуларды болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 7 маусымында жарылыс жұмыстарын және өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдармен жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың өкілдерімен кеңес өткізді.
Осы кеңес шеңберінде ұйымдардың өкілдеріне жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары түсіндірілді, сондай-ақ тұрғын үйлерге зиян келтіруді болдырмау үшін өндірістік бақылауды күшейту ұсынылды.
ШҚО бойынша ҚР ТЖМ КПБ Департаменті