
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде жол картасына сәйкес құрылыс нысандарында жарақаттар мен апаттарды азайту үшін мұнаралы крандарын пайдаланатын ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер, сондай-ақ мұнаралы крандарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын өндірістік бақылау туралы нұсқаулығы, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру кестесін әзірлеу, өндірістік бақылау журналын толтыру және мұнаралы крандарын пайдалану кезінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру процесі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, тиісті куәландыруды, қарауды, жөндеуді, қадағалауды және қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен жұмыстардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін жауаты тұлғалар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлердің міндеттері түсіндірілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселелерді талқлап, пікір алмасты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушыларға мұнаралы крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі туралы жадынама таратылды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті