
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне сәйкес «КМГ Паркер Дриллинг Компани» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай мен табиғи газ өндіруге ықпал ететін қызметтер көрсету болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 3 объекті (бұрғылау қондырғылары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер) тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 9 тармақ бұзушылық анықталды. Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті