
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылғы 13 мамыр бен 17 мамыр аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізудің 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес «Комаровское горное предприятие» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі бағалы металдар мен сирек металдар кендерін өндіру болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 8 объект (Карьерлер, жарылыс жұмыстары, зертхана, прекурсорлар қоймасы, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен, дизель отынын уақытша сақтау қоймасы,газ шаруашылығы, компрессорлық қондырғылар). Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 20 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті