Жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде ережелердің талаптарын сақтау

Жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде ережелердің талаптарын сақтау

Жарылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен техникалық кеңес өткізілді

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік жарылғыш материалдарды өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау, қолдану және бұрғылау жарылғыш материалдарды жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қарағанды облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментінде аталған қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен техникалық кеңес өтті.

Кеңесте өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, елді мекендер маңында жарылыс жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды.

Кеңес отырысына «Интеррин» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы», «Алтай Полиметаллы» ЖШС, «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС, «Карагандавзрывстройсервис» ЖШС, «БурТранс Company» ЖШС, «Шубарколь Премиум» АҚ, «Максам Казахстан» ЖШС, «Фирма «Взрывтехнологии» ЖШС, «Караганданеруд» ЖШС, «Искра-Сервис» ЖШС, «КарГСП» ЖШС өкілдері қатысты. Жарылғыш материалдармен жұмыс істеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша орындалатын жұмыстар туралы олардың баяндамалары тыңдалды.

Техникалық кеңестің ұсыныстарын орындауы жоғарыда аталған кәсіпорындарға қауіпсіздік деңгейін арттыруға және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмауға мүмкіндік береді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті