
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау және қадағалау тізбесіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, 20.05.24ж. 06.06.24ж. аралығында «Шұбаркөл көмір» АҚ «Орталық» және «Батыс» кеніштерінде қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға тексеру жүргізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі - ашық әдісімен тас көмір өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 130 нысан тексерілді (техникалық құжаттаманы жүргізу, электромеханикалық шаруашылықтың жай-күйі, тау-кен жұмыстарын жүргізу, өртке қарсы қорғау), онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 96 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды және оларды жою мерзімдері талқыланды, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен-геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінің», «Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінің» талаптарына түсініктемелер берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша Департаменті