
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау және қадағалау тізбесіне сәйкес 2024 ж. 14.05.-03.06 аралығында «Qarmet» УД АҚ «Саран» шахтасы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға тексеру жүргізді.Кәсіпорынның негізгі қызметі - жерасты әдісімен тас көмір өндіру болып табылады.Тексеру барысында 110 нысандар тексерілді (техникалық құжаттаманы жүргізу, электромеханикалық шаруашылықтың жай-күйі, тау-кен жұмыстарын жүргізу, өртке қарсы қорғау), онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 167 бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды және оларды жою мерзімдері талқыланды, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде: «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінің», «Көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінің» талаптарына түсініктемелер берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті