
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жыл сайынғы «Балаларға жақсылық жаса» акциясына қатысты. Акцияның мақсаты-баланың мамандандырылған үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Акция аясында балаларға түрлі ойыншықтар сыйға тартылды, сондай-ақ балалар тамағы мен памперстер сатып алынды, бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өмір сүру және денсаулық жағдайларын жақсартуға ықпал етеді. Іс-шараға қатысқан балалар мен тәрбиешілер көрсетілген көмек пен көңіл бөлгені үшін өздерінің қуаныштары мен ризашылықтарын білдірді.
Комитет акцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіреді және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап көрсетеді. Мұндай акциялар қажетті материалдық қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамда жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен болашақ ұрпаққа қамқорлық қалыптастыруға ықпал етеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті