
«Оқжетпес-Т» ЖШС-де «MSM-Technology» ЖШС өкілдерімен бірлесіп оқу дабылы өткізілді.
Апаттарды жою жоспарына сәйкес «Хлоратордағы өрт» позициясы таңдалды.
Оқу дабылының мақсаты – объектілердегі ықтимал авариялар мен инциденттерді жоюға ден қоюдың жеделдігі, қызмет көрсетулер, сондай – ақ авариялық-құтқару бөлімшелері арасындағы қызметкерлердің ішкі өзара іс-қимылын жақсарту болып табылады.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша авариялық қуат көздерін орнату және пайдалану бойынша тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.
ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ӨКҚК департаменті