Ардагердің 70 жылдық мерейтойы

Ардагердің 70 жылдық мерейтойы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік ұжымы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласын қалыптастыруға және іске асыруға қосқан елеулі үлесі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін ризашылығын білдіріп, тау-кен саласында 20 жылдан астам жұмыс істеген Борис Сейджапбарович Алтеевті 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Практикалық жұмыс тәжірибесі мен бірінші дәрежелі теориялық дайындықтың арқасында Борис Сейджапбарович Алтеев Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалау қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиеледі. Лайықты зейнет демалыста бола отырып, белсенді өмір салтын жүргізеді, ұжым өткізетін барлық іс-шараларға қатысып келеді. Мерейтой иесін әріптестері жылы лебізімен құттықтады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті