Мұнара крандарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті сақтау

Мұнара крандарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті сақтау

Мұнара крандарымен құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдардың қатысуымен кезектен тыс техникалық кеңес өткізілді

Департаментпен «Елдің құрылыс объектілерінде жүк көтергіш механизмдердің (мұнара крандарының) операторларына байланысты өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өлім-жітімді азайту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасын» орындалуы мақсатында техникалық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында өндірістік бақылау, техникалық қызмет көрсету және техникалық куәландыру мәселелері, нормативтік қызмет мерзімін өтеген мұнара крандарын тексеру, сондай-ақ туындаған проблемалық мәселелер және оларды тиімді шешу жолдары талқыланды.

Техникалық кеңестің нәтижелері бойынша ұйымдарға: өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және мұнара крандарымен жұмыс істеу кезінде өндірістік бақылауды күшейту ұсынылды.  

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті