
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының төрағалығымен жеке құрам арасында Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылға арналған азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай - күйі туралы шолуындағы ақпаратты түсіндіру үшін семинар - жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мемлекеттік инспекторлар назарына шолуда көрсетілген бұзушылықтар мен берілген тапсырмалар қол қою арқылы таныстырылып, көрсетілген бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тәртіп пен заңдылықтың ағымдағы жай - күйін ескере отырып, Әдеп кодексінде көрсетілген әдеп қағидаттары мен қызметтік әдеп стандарттарын әрдайым ұстану қажеттігі жеткізілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті