
«Qarmet» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша техникалық кеңес өткізілді
Ағымдағы жылдың 27 мамырында Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментінде «Qarmet» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Күн тәртібінің негізгі мәселелері: «Qarmet» АҚ-ға барумен профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою, қауіпсіздікті цифрландыру техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын және ҚР Үкіметімен инвестициялық келісімді орындау.
«Qarmet» АҚ техникалық кеңесінің қорытындысы бойынша: анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою, моральдық ескірген жабдықтарды жаңарту, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізу, ҚР Үкіметімен инвестициялық келісім шеңберінде іс-шаралар жоспарын орындау ұсынылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бойынша түсініктемелер берді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті