Оқу дабылдарын өткізу

Оқу дабылдарын өткізу

    Жамбыл облысында «Казфосфат» ЖШС-нің Тараз «Минералды тыңайтқыштар» филиалында аварияларды жою жоспарына сәйкес Күкірт қышқылы цехында авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесіп өткізілген оқу дабылы өтті.

Оқу дабылын өткізу барысында зардап шеккен қызметкерлерді жинау пунктіне эвакуациялаудың жеделдігі, қызметкерлердің келісілген іс-қимылдары, аварияны жою кезінде пайдалануға жататын техникалық құралдардың жай-күйі бағаланды.

Қорытынды талдау нәтижелері кәсіпорындағы ағымдағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының күшті және осал жақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Барлық тартылған қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті