Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауға қатысты

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауға қатысты

2024 жылғы 8 маусымнан бастап «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының 73-бабынан аттестат алу кезінде мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін алып тастау бөлігінде өзгерістер күшіне енеді.

Бұл өзгерістер көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау мәселесін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және қажетті құжаттар тізбесін қайта қарау бөлігінде тиісті өзгерістер енгізеді.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
6 сәуірдегі № 186 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 «Заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы келісу рәсімінен өтіп жатыр.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, бюрократия мен әуре-сарсаңға салуды болдырмау мақсатында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың
5 маусымынан
бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тәртібі күшіне енгенге және ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізілгенге дейін уақытша тоқтатылады. 

 

ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті