
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсізідк комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторларымен, 2024 жылдың бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Қуатамлонмұнай» Біріккен кәсіпорын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай-газ саласы, көмірсутек шикізатын барлау және өндіру.
Профилактикалық бақылау барысында 90 қауіпті өндірістік объектілер тексерілді.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлармен Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 28 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- оқу дабылын өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабарлаудың болмауы;
- қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын өткізілмеген;
- құбырлардағы сұйықтық ағынының бағыты жоқ.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және инженер-техникалық жұмысшыларымен кеңес өткізілді, онда анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қызылорда облысы бойынша Департаменті