
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес, «PetroRetail» ЖШС ШҚО бойынша филиалының қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі - мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және сату.
Профилактикалық бақылау барысында 13 өндірістік нысан (2 Мұнай базасы, 11 ЖЖҚС) тексерілді. Қазақтан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 137 бұзушылық анықталды.
Мемлекеттік инспекторлар профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді. Профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралып,олардың жою мерзімдері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді, оның ішінде: «Азаматтық қорғау туралы заң», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары».
ҚР ТЖМ ӨҚК Абай облысы бойынша Департаменті