
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «Волковгеология» акционерлік қоғамының «өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жинақтау басқармасы (ҚІЖК)» филиалының қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі басқа арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 1 объект (қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар) тексерілді. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- «қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік актіні әзірлемеу;
- қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және газдан құтқару жұмыстарын жүргізуге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерімен шарттың болмауы;
- аварияны жою жоспарын 2024 жылға ұйым басшысы бекітпеген және арналған кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен келісілмеген.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті