
ҚР ТЖМ ӨҚК ШҚО бойынша департаментінің инспекторлары авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесіп өткізген «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС-де оқу дабылына қатысты.
Өткізу барысында қызметкерлерді жинау пунктіне эвакуациялаудың жеделдігі, қызметкерлердің келісілген іс-қимылдары, өртті сөндіру кезінде пайдалануға жататын техникалық құралдардың жай-күйі, қосалқы шығулардың жай-күйі бағаланды.
Оқу дабылы аяқталғаннан кейін қатысушы қызметкерлермен қорытынды жасалды. Талдау нәтижелері кәсіпорындағы ағымдағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Барлық тартылған қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыру және кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті