«Қамқор Вагон» ЖШС «Павлодар вагон жөндеу депосы» филиалы профилактикалық бақылау қорытындылары

«Қамқор Вагон» ЖШС «Павлодар вагон жөндеу депосы» филиалы профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсізідк комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторларымен, 2024 жылдың бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес,  «Қамқор Вагон» ЖШС «Павлодар вагон жөндеу депосы» филиалы объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі жүк вагондарын жөндеу болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында тексерілді: қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың 10 бірлігі, пайдалану мерзімі өткен жүк көтергіш механизмдердің 24 бірлігі, 1 компрессорлық.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 19 бұзушылығын анықтады. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- заңды тұлғалардың басшылары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың білімін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау;

            - қазандық, компрессорлық үй-жайда авариялық электр жарығының болмауы;

            - жүк көтергіш крандарды, алмалы-салмалы жүк қармайтын құрылғыларды және ыдыстарды қауіпсіз пайдалануға жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрықтардың болмауы.

Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаларының, оның ішінде «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», талаптарына түсініктемелер берілді.

ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша Департаменті