
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсізідк комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторларымен, 2024 жылдың бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Мирс-Плюс» ЖШС объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.
Қызметтің негізгі түрі: бензин және дизель мұнай өнімдерін сақтау және сату бойынша болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 4 қауіпті өндірістік объектілер, 31 қауіпті техникалық құрылғылар зерттелді.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлармен Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- оқу дабылын өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабарлаудың болмауы;
- жарылыс қауіпі бар концентрациялардың газдық анализатордың сорғы станцияларының ғимаратында болмауы;
- Т/Ж эстакада аумағында мұнай өнімдерінің төгілу учаскелерінің болуы.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және инженер-техникалық жұмысшыларымен кеңес өткізілді, онда анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша Департаменті