
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың біріші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес « NUR KAGAZY» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі-гофрленген қағаз және картон ыдыстарын өндіру болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 5 объекті (жүк көтергіш механизмдер және қазандықтар) тексерілді. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 5 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- «қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік актіні әзірлемеу;
- қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және газдан құтқару жұмыстарын жүргізуге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерімен шарттың болмауы;
- қысыммен жұмыс істейтін ыдысты қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету, ыдысты авариялық тоқтату және кейіннен іске қосу бойынша технологиялық регламенттерді әзірлемеу.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті