Елордада оқу дабылы өткізілді

Елордада оқу дабылы өткізілді

«Ауа қабылдағыштың жарылуы» тақырыбында оқу дабылы өткізілді.

Астана қ. ОҚҚД  инспекторлары «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ оқу дабылын өткізуге қатысты, өткізу барысында авариялық-құтқару қызметі персоналы мен бөлімшелерінің іс-әрекеттері, авария кезінде пайдалануға жататын техникалық құралдардың жай-күйі, оларды қолданудың дұрыстығы, қосалқы шығулардың жай-күйі бағаланды.

Соңында нәтижелері шығарылып, объектіде жұмыс істейтін персонал мен объектілік авариялық-құтқару қызметінің ескертулері мен кемшіліктері талқыланды.        

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астаны қаласы бойынша Департаменті