«Варваринское» АҚ профилактикалық бақылау қорытындылары

«Варваринское» АҚ профилактикалық бақылау қорытындылары

         Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылғы 15 сәуір бен 30 сәуір аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізудің 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес «Варваринское» АҚ қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі бағалы металдар мен сирек металдар кендерін өндіру болып табылады.

         Профилактикалық бақылау барысында 10 объект (Карьерлер; алтын өндіру және байыту фабрикасы, қалдық қоймасы, жарылыс жұмыстары; күшті әсер ететін улы заттар қоймасы, автожанармай құю станциясы, зертхана, прекурсорлар қоймасы; қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өткен құрылғылар; ұсақтау-сұрыптау кешені). Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 21 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

         Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті