«Аксай – Проминвест» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Аксай – Проминвест» ЖШС профилактикалық  бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне сәйкес «Аксай – Проминвест» ЖШС-ның  қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі: құрылыс – монтаждау жұмыстары, мұнай өнімдерін сақтау және сату.

Профилактикалық бақылау барысында: жанар – жағар май қоймасы, резервуарлар, жүк көтергіш механизмдер, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 22 тармақ бұзушылық анықталды. Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың», «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтың», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.            

  

 ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті