
Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес 2024 жылдың 15 сәуірі – 4 мамыры аралығында «Қаражанбасмұнай» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне және қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізілді.
«Қаражанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысындағы «Қаражанбас» кенорнында көмірсутек шикізатын өндіруді, сондай-ақ өндірілген көмірсутек шикізатын сақтауды, тасымалдауды және сатуды жүзеге асырады.
Профилактикалық бақылау барысында газ пунктісі, мұнай жинау кешені, мұнай дайындау қондырғысы, химия лабораториясы, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстары және ұңғымалар тексеріліп, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 72 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сонымен қатар, профилактикалық бақылау жүргізу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен «ТӨҚ-34 №6 буферлік сыйымдылықтың жарылуы және жануы» тақырыбында оқу дабылына қатысты.
Бұл аварияға қарсы жаттығудың мақсаты қызметкерлердің авария мен инцидентті жоюға дайындығын, жою кезіндегі өз іс-әрекеттерін білуін және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді анықтау болды.
Оқу дабылының нәтижелері бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және Департаменттің мемлекеттік инспекторларымен оқу дабылына тартылған персоналдың іс-әрекетіне бағалай отырып, ескерту мен ұсынымдарын берді.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді. Онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті