
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Байсерке Агро» ЖШС базасының аумағында «кептіру цехындағы астық шаңының жарылуы» тақырыбы бойынша оқу дабылына қатысты.
Оқу дабылының мақсаты объектінің авария мен инцидентті жоюға дайындығын анықтау, персоналдың жою кезіндегі өз іс-әрекеттерін білу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету болып табылады.
Оқу дабылының нәтижелері бойынша Департаменттің мемлекеттік инспекторлары аварияны жоюға тартылған персоналдың іс-қимылына бағалау жүргізді, персонал мен авариялық-құтқару қызметтері тарапынан жасалған іс-қимылдарға ескертулер айтылды, болашақта бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті