
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсізідк комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторларымен, 2024 жылдың бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Бип-Ойл» ЖШС объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.
Қызметтің негізгі түрі «Омбы – Павлодар», «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырлары және «Павлодар – ПМХЗ» мұнай құбыры арқылы тауарлық мұнайды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 8 қауіпті өндірістік объектілер, 117 қауіпті техникалық құрылғылар, 1 мұнай құбыры, 28 бірлік жүк көтергіш механизмдер, 2 автожанармай құю станциялары, 15 бірлік қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар зерттелді.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 13 бұзушылығын анықтады. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде Заңды тұлғалар басшыларының білімін тексеру жөніндегі талаптарды сақтамау
- қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға жобалық құжаттаманың болмауы
- оқу дабылын өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабарлаудың болмауы.
Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларынның», «мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарына түсініктемелер берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша Департаменті