«Бип-Ойл» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Бип-Ойл» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Бип-Ойл» ЖШС негізгі қызмет түрі мұнай өнімдерін: бензин және дизель отынын сақтау және өткізу болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 7 қауіпті өндірістік объектілер (мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарлық парк, ағызу-құю автомобиль эстакадалары, ағызу-құю темір жол эстакадалары, сорғы станциялары) тексерілді.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар 6 бұзушылықты анықтап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.

                            ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша департаменті