«Разрез «Кузнецкий» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Разрез «Кузнецкий» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2024 жылдың біріші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «Разрез «Кузнецкий» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – жерасты әдісімен тас көмір өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 15 нысан тексерілді (техникалық құжаттаманы жүргізу, электромеханикалық шаруашылықтың жай-күйі, тау-кен жұмыстарын жүргізу,  өртке қарсы қорғау). Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды және оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының» және «Көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті