
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың біріші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «Glasman» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – өзге де сыртқы киім өндірісі болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында бу қазандықтары және қысыммен жұмыс істейтін ыдыс тексерілді. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- арматураны ашу және жабу бағытын көрсететін арматурада және бекіту арматурасының маховиктерінде таңбалаудың болмауы;
- оқу дабылдарын өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етуді қамтамасыз етпеу, қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда қызметкерлерді іс-әрекеттерге оқытуды қамтамасыз етпеу;
- қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі бойынша, қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру жөніндегі ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынбау болып табылады.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті