«Жайықжылуқуат» АҚ профилактикалық бақылау қорытындылары

«Жайықжылуқуат» АҚ профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Жайықжылуқуат» АҚ қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі - жылу желілерімен жылу энергиясын өндіру болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында мазут шаруашылығы тексеріліп, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарының 6 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларының», «Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі қағидаларының», «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі қағидаларының», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті