
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2024 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Арман» БК» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілеріне және қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы «Арман» кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру, сонымен қатар өндірілген көмірсутек шикізатын сақтау, тасымалдау және сатумен айналысады.
Профилактикалық бақылау барысында: газ пункті, мұнай жинау кешені, мұнай дайындау қондырғысы, химия лабораториясы, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстары және ұңғымалар тексеріліп, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 17 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау қорытындылары туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті