«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мұнай өңдеу зауытының қажеттіліктері үшін техникалық газдар өндіру болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 15 объект тексерілді (азот-оттегі станциясы, сутегі өндірісін станциясы, технологиялық құбырлар, компрессорлық станция, жүк көтергіш механизмдер және т.б.). Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өндірістік ғимараттарды тексеру және диагностикалау бойынша сараптамалық ұйымдардың ұсынымдарын уақтылы орындамау;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық бөлімшеде жобалық құжаттаманы келісуді жүзеге асырмау;

- оқу дабылын өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етудің болмауы.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша департаменті