Атырау облысындағы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС авария туралы ақпарат

Атырау облысындағы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС авария туралы ақпарат

2024 жылғы 26 ақпанда сағат 19:30-да (Астана уақытымен), бутендерді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған тікелей айдау бензинінің коллекторынан бос қуыс табылды.

Өнімді тез ығыстыру үшін осы желіге 15 кг/см2 қысыммен су берілді. Қазіргі уақытта ақаулы учаскені жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Барлық технологиялық қондырғылар штаттық режимде, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен аварияны тергеу үшін арнайы комиссия құрылуда.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Атырау облысы бойынша департаменті