Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Е.А. Баймулдиновтың Қарағанды облысына жұмыс сапары

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Е.А. Баймулдиновтың Қарағанды облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Е.А. Баймулдиновтың Қарағанды облысына жұмыс сапары өтті.

Төраға «Qarmet» АҚ компаниясының даму жоспарлары туралы кеңесіне қатысты. Жұмыс тобының құрамында домна пеші, ыстық мырыштау және алюминий цехы, №1 жайма илемдеу цехы сияқты Болат департаментінің объектілеріне барды.

Сондай-ақ, төраға ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменттің жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Департамент ұжымын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ш.С. Ариновтың С.М. Брагинді Департамент басшысы етіп тағайындау туралы бұйрығымен таныстырды. Қатысушылардың назарына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясатты дамыту перспективалары туралы, бірқатар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамыту Концепсиясын" әзірлеу туралы ақпарат жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша төраға бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамана мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын мүлтіксіз сақтауын тапсырды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті