Абай облысы әкімдігінде облыстағы жекелеген кәсіпорындардың қызметі қаралды

Абай облысы әкімдігінде облыстағы жекелеген кәсіпорындардың қызметі қаралды

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті. Жиынға басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, комиссия және кәсіпорын өкілдері қатысты.

Аталмыш отырыста Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.К. Саков «БАСТ» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында М.К. Саков комиссия мүшелеріне «БАСТ» АҚ қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары, нұсқаманың толыққанды орындалмауы және қолданылған жедел әрекет ету шаралары туралы жеткізді.

Департаментке өндірісте қауіпсіздік шараларын сақтау бөлігінде бақылауды күшейтуге қатысты жұмысты жалғастыру бойынша тапсырма берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Абай облысы бойынша департаменті